Грузияда ұлттық аза тұту жарияланды
Грузин халқы православ шіркеуінің басшысы, Католикос-Патриарх Илия II қайтыс болуына байланысты аза тұтып жатыр.
Үкімет әкімшілігінің мәліметінше, ел бойынша барлық әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік ту төмен түсірілген.
Бүкіл Грузияның Католикос-Патриархы, қасиетті әрі мәртебелі Илия II дүниеден өтті. Ол – тұтас бір дәуірдің адамы еді. Оның өмірден өтуі бүкіл православ әлемі үшін орны толмас қайғы, – деді Католикос-Патриархтың жергілікті міндетін атқарушысы, владыка Шио хабарлаған.
Илия II 94 жасында Тбилиси қаласындағы Кавказ медициналық орталығында қайтыс болды. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған.
Денсаулық сақтау министрі Михаил Сарджвеладзенің айтуынша, өлім себебі – бүйрек, өкпе және жүрек жеткіліксіздігінен туындаған асқынулар. Сондай-ақ ол асқазаннан қан кету диагнозымен жансақтау бөліміне түскен.
Қайтыс болған сәтте ауруханада ел үкіметінің мүшелері, премьер-министр Ираклий Кобахидзе және президент Михаил Кавелашвили болған.
Патриархтың денесі Қасиетті Үштік соборына қойылатыны хабарланды.
10:02
54
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.